16.02.2020ж.күні Нұр-сұлтан қаласында N53 мектеп- лицейінде өткізілген "Platon" Халықаралық білім дамыту орталығы ұйымдастырған"Мұқағали Мақатаев-ПОЭЗИЯ ТҰЛПАРЫ" атты халықаралық көркемсөз байқауына Ақмола облысы, Целиноград ауданы,Ақмешіт ауылының N15 орта мектеп КММ-нің 15 оқушысы қатысып келді.Өнеге-өсиеттерін қанатты қаламы арқылы қалдыра білген зерделі ақын- жазушыларымыздың бірі де бірегейі, жыр-құдіреті- Мұқағали ақынның өлең- жырларын жүрегімен түсініп, тани білгені үшін атаулы мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды.Мақтанышпен атап айтсақ, 1 оқушымыз Бас жүлдеге ие болып, кубокпен марапатталса, 11 оқушы-1 орынды, үш оқушымыз 2- орындарға ие болып, медальдармен, дипломдармен марапатталды.Ақынның әр өлеңін сүйетін оқушыларымыз жүректі тебірентіп, нақышына келтіріп, төгілте мәнерлеп оқып, айтып берді. Ақмешіт ауылының N15 орта мектеп КММ-нің оқушылары мен дайындаған жетекшілеріне, ата - аналарына алғысымыз шексіз! Ұйымдастырушыларға шығармашылық табыс тілейміз!