Жаңа оқу жылында білім әлемінде заманауи білім деңгейіне жол бастайтын, талантты да дарынды балаларды жарқын болашағымызбен, кемелденген келешегімізге жетелейтін білім ордасы "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Білім күні" мерекесіне арналған "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиын өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимн орындалып, алғашқы құттықтау сөзі білім ордамыздың басшысы Сағындық Бесимбаевич Аппасовқа берілді. Келген қонақтар мен ардагер ұстаздар да 1 - сынып бүлдіршіндерін құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11- сынып оқушысы Олжабай Дидар мен 1-сынып оқушысы Қанат Айданаға беріліп, 1 - қыркүйек Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өз мәресіне жетті. 1-11-сынып оқушылары және сынып жетекшілері білім күніне орай "Мектебім - мейірім мекені" атты бірыңғай сынып сағатттарын өткізді. Баршаңызға жаңа оқу жылы құтты болсын!