Текст
2023 жылғы 6 қыркүйек күні «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – де Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне орай орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балгожина Батен Алпысовна оқушылар арасында "Судьба языка- судьба народа" тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырды.
Сайыс барысында оқушыларға грамматикаға, логикаға, тапқырлыққа байланысты қызықты тапсырмалар берілді. Балалар тапсырмаларды қызыға орындады. Үш топқа бөлінген оқушылар белсенділік танытып, берілген сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде "Лидеры" және "Учёные " командалары бірінші орынды иеленсе, "Знатоки" командасы екінші орынға ие болды.
Іс-шара өз деңгейінде өтті
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!