Текст
2023-2024 жаңа оқу жылының алғашқы күні «Ақмешіт ауылының ЖОББМ КММ»-де Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты М.Ж.Кашкенов мектеп оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР ЖҚЕ сақтап, көлік құралын (әсіресе мопед немесе жеңіл мотоцикл) кәмелетке толмағандарға басқармас бұрын, олардың санаттары мен рұқсат түрлері болуы міндетті екендігін атап өтті. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда барлық мүдделі органдармен бірігіп, профилактикалық рейдтер ұйымдастырылып, тексерілетінін ескертті.
#біртұтас_тәрбие