Текст
«Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 2023 жылдың қазан айының 11 күні мектеп психологі Каирбекова А.К. 8-9 сынып оқушыларына ЮНИСЕФ Бүкіләлемдік балаларды қорғау ұйымы ұсынған видео-жариялыммен таныстырып, пікір алмасу жұмысын жүргізді. Пікір алмасу мақсаты- зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.