Текст
"Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 27.10.2023 жыл күні 5 -11-сынып оқушыларымен "Алтын күз" мерекесі өткізілді. Нағыз сары алтындай күз - қыркүйек айы. Ол- еңбек айы. Күз маусымының екінші айы - қазан. Бұл ай-мереке басы. Өйткені, диханшылар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді. Біз Сіздерге осы қоңыр салқын күз айында жылы көңіл - күй сыйлаймыз! Қатысқан барлық оқушыларға, олардың ата-аналарына және сынып жетекшілерге алғысымызды білдіреміз!