Текст
2023 жылдың 27 қазан айында "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ- де мектеп парламентінің президентін ұлықтау рәсімі өтті. Осы рәсімде 21 қазан күні өтілген фракция мүшелерінің сайлау нәтижесі бойынша көп дауыс жинаған 8 сынып оқушысы Даут Айым 38 дауыспен мектеп парламентінің президенті болып сайланды. Салтанатты жиында мектеп парламентінің президенті ант беріп, куәлік табыстады.
Тәрбие құндылықтары:
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ :
-Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;
АР-ҰЯТ:
-Сөзіне берік, ісіне адал болу;
ТАЛАП :
-Жеке және командамен жұмыс істей білу.