Күзгі демалысқа шығар алдында 27.10. 2023 ж күні "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де жергілікті учаскілік полиция инспекторы полиция капитаны Т. Т. Аукиров мектеп оқушыларымен кездесіп, "Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі" туралы айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әрбір оқушы каникул кезінде өзін-өзі ұстау туралы тәртіп ережесін міндетті түрде білу керектігін ұғындырды, яғни :
1. Жолда жүру ережесін сақта.
2. Өрт қауіпсіздік ережесін сақта және электр құралдарын пайдаланғанда абай бол.
3. Қоғамдық орындарда өзінді ұстау ережесін сақта .
4. Көшеде жеке басыңның қауіпсіздігін сақта.
5. Су қоймаларында қатып қалатын жұқа мұз қабатында ойнама, қауіпсіздік ережесін сақта.
6. Үйде жалғыз қалғанда, қауіпсіздік ережесін сақта.
7. Жануарлардың қасында жүргенде қауіпсіздік ережесін сақта.
8. Өткір, тікенекті, кесетін, тез тұтанатын, жарылғыш заттармен, атылатын, суық қарулармен ойнама.
9. Дәрігердің рұқсатынсыз дәрілік заттарды қолданба, спирттік ішімдіктер ішпе, темекі шекпе, наркотикалық заттарды қолданба, токсинді заттарды иіскеме.
10. Көшеде тайғақ болғанда құлап қалудан, жарақат алудан сақтан.
Тәрбие құндылықтары :
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ : қоғам игілігі үшін қызмет ету
АР-ҰЯТ : отбасының, өз ортасының аьыройын асыру
ТАЛАП : дұрыс қарым- қатынас орнату білу