16-қараша күні, сағат 16:00-де "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де ата-аналар жиналысы болды. Алдымен мектеп психологі А.К.Каирбекова ата-аналармен тренинг өткізді. Күн тәртібі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Тулеулина Г. И. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасымен таныстырып өтті. Келесі мәселелер бойынша Г. И Тулеулина "Қызылша ауруының алдын алуына профилактикалық жұмыстар және "Құқық бұзушылықтың алдын алу" шаралары жайлы мәліметтер берді, жаднамалар таратылды. Жиналыс соңында ата-аналар әр сынып жетекшілерімен жеке кездесіп, балалар жайлы сұхбаттасты.
Тәрбие құндылықтары :
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ :Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу
АР-ҰЯТ :Академиялық адалдық қағидатын қолдау;
Отбасының, өз ортасының абыройын асыру
ТАЛАП : Білуге, жаңаны тануға құштар болу;
Уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау.