Текст
20 қараша күні мектебімізде ауыл мектептерінің 9-11сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараның техникалық хатшысы- Ахмедина А.Г. және координатор- Каирбекова А.К. ұйымдастыруымен оқушыларға олимпиадаға кіру нұсқаулықтары мен ережелері таныстырылды. Олимпиаданың негізгі мақсаты: ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жоғары сынып оқушыларына республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуына беріп жатқан мүмкіндігі. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!