Текст
10-15.11 2023 ж күндері 6-11 сыныптың жетекшілері –Ахмедина А.Г., Балгожина Б.А., Онгарбекова А.К. Олжабай Ж.А. балалардың құқықтарын қорғау, оның ішінде зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша сынып сағаттарын өткізді. Оқушыларға бала құқықтары жөнінде ақпараттар мен зорлық -зомбылық фактісі байқалған жағдайда әрекет ету алгоритмі ұсынылды. Сынып сағаты барысында постер қорғау, бейнеролик көру, талқылау, пікір алмасу жұмыстары жүргізілді. Оқушылар жаңа деректермен қаруланып, аталған тақырып төңірегінде білімдерін жетілдірді.
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу
АР –ҰЯТ: Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну
ТАЛАП: Жеке және командамен жұмыс істей білу