Ақмешіт ауылының ЖОББМ КММ –де ағымдағы жылдың 17 қараша күні «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқаны аясында оқушылар арасында "Зорлық зомбылықсыз балалық шақ" қарарында, пікірсайыстың мектепішілік кезеңі өткізілді. Жас пікірсайысшылар арасынан озық нәтиже көрсеткен спикерлер аумақтық кезеңге жолдама алды.
22 қараша күні осы қарар бойынша Жаңаесіл ауылының ЖОББМ КММ - де аумақтық пікірсайысқа мектебіміздің атынан 8- сынып оқушылары: Әділбек Гулсауле мен Ғаділбекқызы Перизат қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды. Мектепішілік пікірсайыс клубының жетекшісі- Шаханбаева Г.Ж.
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту
АР –ҰЯТ: Отбасының, өз ортасының абыройын асыру
ТАЛАП: Сыни және креативті ойлау