Тәуелсіздік күніне орай мектепалды сыныбында 21.12.2023 ж. күні "Менің Отаным" (өлең) Е.Өтетілеу атты тақырыбында сөйлемді дамыту сабағы бойынша ашық сабақ өткізілді.Пән мұғалімі: Гульден Жалбырбаевна оқушыларға жаңа сабақты ашу мақсатында "Қазақстан ортақ үйіміз" атты бейнежазба көрсетіп, оқушылармен сұрақ- жауап арқылы сабақ тақырыбын ашты. Сабақ барысында оқушыларға еліміз көп ұлтты мемлекет екенің, өз теңгеміз бар екенің және Отан деген туған жеріміз, еліміз, ауылымыз екенін түсіндіріп, Қазақстан республикасының рәміздерімен таныстырып, әнұран орындатты. Отан жайлы өлең шумақтарын айтып, тақырыпқа сай суреттерден пазылдар құратып, сергіту сәтін ұйымдастырды. "Менің Отаным қандай?" ойыны арқылы оқушылармен керібайланыс жүргізілді .Балғын балалармен өткізілген сабаққа қатысқан ұстаздар қауымы оң нәтижелі өткеніне өз пікірлерін білдірді.