22.12.2023 ж. күні Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де 1-сынып оқушылары "Қош бол, сүйікті Әліппе!" атты тақырыпта сынып жетекшісі Байжуманова Сауле Даутовнаның ұйымдастыруымен әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті. Сынып тақырыпқа сай безендіріліп, ұстаздар,ата-аналар да қатысты. Балалар әліппеден алған білімдерін ортаға салып, өнерлерін де көрсетті. Әліппені шығарып салып, ана тілі оқулығын табыстады. Сынып жетекшісі оқушыларға диплом беріп, ұстаздар мен ата-аналар жылы лебіздерін білдірді.Ұлттық киімдермен төрт айда алған білімдерін еркін де,мәнерлеп оқыған өлеңдерімен тамсатқан оқушылар келгендердің көңілінен шықты.Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Тәрбие құндылықтары :
⚜️ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ
Ұлттық мұрағатқа ұқыптап қарау
⚜️АР - ҰЯТ
Сөзіне берік, ісіне адал болу
⚜️ТАЛАП
Сыни және креативті ойлау