Текст
“Қуант, бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген,
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз!”- деп шаттық көңіл- күймен мектепалды сыныбы мен 1-4 сыныптар арасында “Қуант бізді, Жаңа жыл! “ атты тақырыбында мерекелік іс - шара өтті.
Ертеңгілік Ақшақар мен мыстан кемпір, қоян, аю сияқты кейіпкерлердің қойылымынан басталып, оқушылардың сағына күткен Аяз атаның келуімен қыза түсті.
Оқушылар Аяз атасына дайындаған әнін айтып, би биледі.
Сиқыршы да қалыс қалмай мерекені жандандыра түсті. Жаңа Ұлу жылымыз ортаға келіп, балалармен ойын ойнап ертеңгіліктің сәнін кіргізді.
Аяз атадан сыйлықтарын алған балалар, көңілді тарқады.