“Төрлет, төрлет, Жаңа жыл!” атты жаңажылдық кеш “Қызық TIMES” бағдарламасына сай жоғарғы сынып оқушыларымен өткізілді. Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының басшысы Бакиева Айнагуль Ольжабайқызына берілді. Бағдарламаның ең негізгі қонақтары Аяз ата мен Ақшақар келіп, жаңа 2024 жыл баршамызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке алып келетінін айтып, толассыз жетістіктерге жетіп, мектеп абыройын биікке көтеріп жүрген білімді де, өнерлі жастарымызға ақ тілектерін білдірді. Жауапты болған сынып жетекшілері Ахмедина А.Г.,Капышев И. А. және Балгожина Б.А. оқушылардың бойларын жазатын, денеге энергия тарататын қызықты ойындары ойнатылып, караокемен жаңажылдық әндерді орындатқызды. Біздер келген қонақтар мен қатысушылардың шаттыққа толы шынайы эмоциясы мен жарқын күлкілердің куәсі болдық. Барша қатысқан, ат салысқан жандарға алғысымызды білдіреміз!
Тәрбие құндылықтары:
⚜️⚜️⚜️ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: - Қоғам игілігі үшін қызмет ету.
⚜️⚜️⚜️АР-ҰЯТ:
-Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.
⚜️⚜️⚜️ТАЛАП:
-Жеке және командамен жұмыс істей білу.