Текст
2024 жылдың үшінші қаңтары мен жетінші қаңтары аралығында Көкшетау қаласында Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Целиноград ауданының намысын жалпы білім беретін пәндер бойынша ауданымыздың әртүрлі мектептерінен 28 оқушы қорғады.
Олардың қатарында "Ақмешіт ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 9-сынып оқушысы Амангелді Сәния “Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті” пәні бойынша қатысты. Олимпиада екі кезеңнен құралды. Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша Амангелді Сәния аудан мен біздің мектептің намысын қорғап, облыс бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды.
Облыстық олимпиаданың барша жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз, оларға толағай табыстар тілейміз!