Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында Куракпаева Гульден Амангелдіқызы 2-сынып ата- аналарымен "Отбасы-бақыт бесігі" тақырыбы бойынша сабақ өткізді. "Сәлем-сөздің атасы" демекші, алдымен амандасып, сабақты шаттық шеңберде өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтудан бастады.
Ата-аналар өмірінің жобасы-бақытты адам.
Ирландиялық әдебиет классигі Оскар Уайлд айтқандай, "Балаларды жақсы етудің ең жақсы жолы-оларды бақытты ету". Осыған орай ата-аналар "Бақытты баланы қалай өсіру керек? " - деп, "Қазақ отбасы-қоғамның маңызды тәрбие институты" атты мақаласынан үзіндіні пайдалана отырып, жаднама құрды. Сұрақ-жауап барысында бақытты бала дегенді қалай түсінетіні жайлы айтып, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға тоқталып өтті. Ата-аналар балаларының бойындағы жақсы қасиеттерді айтып, баламен сырласатынын, отбасылық қандай ойын түрлерімен айналысатынын айтты. Сынып жетекшісі "Танграм" ойыны жайлы видео көрсетіп және сөздік қорын дамыту мақсатында мәндес сөздерді айту ойындары жайлы түсінік берді. Балалардың бойына ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттерді көру, яғни, позитивті қарым-қатынас, тәрбие, шығармашылық, ұрпақтар сабақтастығы, денсаулық, достық, сүйіспеншілік, еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, жақсы көңіл-күй сыйлай білу- үлкен бақыт екенін айтты. Сабақ соңында ата-аналар жылы лебіздерін жазып, сабақ көңілді аяқталды.
Тәрбие құндылықтары
⚜️Ұлттық мүдде :
-Қоғам игілігі үшін қызмет ету
⚜️Ар - ұят :
-шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну
⚜️Талап:
-Жеке және командамен жұмыс істей білу
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#Біртұтас_тәрбие_целиноград_ауданы
#aqmoedu
@aqmola_darynyм
@aqmoedu
@aqmola_metod_center
@tselinogradsk