05.02.2024 ж күні «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – де «Жас ұрпаққа өнер-білім берілсін, Жарқын болашақ әр пәндерден өрілсін!» атты Гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығының салтанатты ашылуы өткізілді. Апталық барысында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. Тіл мен әдебиеттің, тарихтың мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәндердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, мәдени мұраларымызды жаңғырту мақсаттарын көздеген іс-шараларға оқушылар белсенді қатысады. Қазір заман ағымының қарқынды өзгеруіне байланысты кез-келген жағдайда алдымыздағы жеке тұлғаның қоршаған ортаға бейімделе алуы өте маңызды. Оқушыларды әлеуметтендіру мектеп қабырғасынан бастау алады.
Тәрбие құндылықтары:
✨Ұлттық мүдде :
-Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту
✨Ар-ұят :
-Академиялық адалдық қағидатын қолдау
✨Талап :
-Сыни және креативті ойлау