07.02.2024 ж күні «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – де «Жас ұрпаққа өнер-білім берілсін, Жарқын болашақ әр пәндерден өрілсін!» атты Гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығының аясында тарих пәнінің мұғалімі Аппасов Бесимбай Киниятович ұлы күйші-сазгер Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Тарих пен мәдениет – өркендеудің негізі» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында ұлттық сана, ұлттық мәдениет ұғымдарына тоқталып өтті. 8 – сынып оқушылары ұлт мақтанышына айналған аңыз тұлғаның өмірі жайлы баяндалған Әбіш Кекілбаевтың «Аш бөрі» әңгімесі бойынша сахналық қойылым көрсетті. Пән мұғалімі оқушыларға «Балбырауын» күйін орындап берді. Рухани мұрагерліктің терең тамырларын, халықтың жеке тұлғаларын, қажырлы еңбектерін және ұлттық дәстүрді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру – бүгінгі біртұтас қоғамымыздың өлшеусіз парызы екенін ұғындырды.
Тәрбие құндылықтары:
⚡ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ :-Ұлттық мәдениетті дәріптеу
⚡АР-ҰЯТ :-Адал еңбекті құрметтеу
⚡ТАЛАП :Білуге, жаңаны тануға құштар болу