12.02.2024 ж күні «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – де «Жас ұрпаққа өнер-білім берілсін, Жарқын болашақ әр пәндерден өрілсін!» атты Гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығында құқық пәнінің мұғалімі Тастембекова Сауя Уагаповна 9 – сынып оқушыларымен «Мен өз құқығымды қорғаймын!» атты дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өмірде қолдана алуға, қорғай алуға үйрету, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыра отырып, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу бойынша көптеген ақпараттар,деректер жайлы мағлұматтар берді.Іс-шара өте белсенді,пікір алмасу бағытында өтті.Бейнероликтер арқылы қосымша мәліметтер беріліп,оқушылар тың ақпараттарға қанықты.
Тәрбие құндылықтары :
⚜️Ұлттық мүдде:
-Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ат салысу.
-Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу
-Қоғам игілігі үшін қызмет ету
⚜️Ар-ұят:
-Адал еңбекті құрметтеу
-Халқына адал қызмет ету
⚜️Талап:
-Сыни және креативті ойлау
-Білуге, жаңаны тануға құштар болу