13.02.2024 ж күні «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – де «Жас ұрпаққа өнер-білім берілсін, Жарқын болашақ әр пәндерден өрілсін!» атты Гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аппасова Айнур Кайратовна Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Ер Махамбет» атты іс-шара өткізді. Оқушылар Мұхтар Шахановтың «Нарынқұм зауалында» жырынан сахналық қойылым көрсетіп, батырлар биін биледі.
Іс-шараның мақсаты: батырды таныту, ерлігін дәріптеу, оқушылардың ұлттық санасы мен азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына ықпал ету. Исатайға арнаған өлеңдері арқылы достық пен адалдыққа тәрбиелеу болды. Шара соңында ер балаларға «Достық» ойыны ойнатылып, ұлттық құндылықтың бір тармағы – бірлік екендігін керемет үйлесіммен жеткізілді.
Тәрбие құндылықтары :
⚜️Ұлттық мүдде:
-Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ат салысу;
-Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;
-Ұлттық мәдениетті дәріптеу
⚜️Ар-ұят:
-Сөзіне берік, ісіне адал болу;
-Отбасының, өз ортасының абыройын асыру;
-Халқына адал қызмет ету
⚜️Талап:
-Жеке және командамен жұмыс істей білу;
-Дұрыс қарым-қатынас орната білу