2.02.2024 ж. күні "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ- де "Жас ұрпаққа өнер- білім берілсін, Жарқын болашақ әр пәндерден өрілсін!" атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы аясында мектеп кітапханашысы Бакиева А. Ш. "Кітап оқу- мәдениет кілті" тақырыбында "Quız" ойынын өткізді. Іс-шараға 5 командадан 37 оқушы қатысты, сайыста кезекпен биылғы жылғы атаулы мерейтойларға байланысты сұрақтар мен сауалдарға жауап берді, тың ақпараттарға, жаңа деректерге қаныққан оқушы қауым белсене атсалысты. Мағыналы да, бергені мол кітап байқауы сәтті өтті.
Тәрбие құндылықтары :
⚜️Ұлттық мүдде :
-Ұлттық мәдениетті дәріптеу
⚜️Ар-ұят : -Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну
⚜️Талап :-Жеке және командамен жұмыс істей білу