26.02.2024 жылы «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – де «Мәдениет күшейеді өнер-білім күшімен, өнер-білім күшейеді оқумен» айлығы аясында «Шамнан шырақ жағылар» атты жаратылыстану пәндер бірлестігі апталығының ашылу салтанаты өтті. Жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі Ахмедина А. Г. апталық жоспарымен, мақсатымен таныстырды.
Мақсаты: біртұтас тәрбие стратегиясын дәріптей отырып, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру; теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын ұштастыра білуге, қолданбалы мәселелерді шеше алуларына үйрету.
Іс-шара барысында оқушылардың логикалық ой - өрістерін кеңейтетін ойындар ойнатылды. Тапқырлыққа, алғырлыққа берілген қызықты тапсырмаларды да ойдағыдай орындап шықты. Магнитті қабырға шахматы, қытай шашкиі және "Суретті фигуралар" балалардың көңіл-күйлерін көтерді.
⚜️Ұлттық мүдде:
-Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ат салысу;
-Ұлттық мұраға ұқыпты қарау
⚜️Ар-ұят:
-Сөзіне берік, ісіне адал болу,
халқына адал қызмет ету
⚜️Талап:
-Дұрыс қарым-қатынас орната білу;
-Білуге, жаңаны тануға құштар болу