«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» жобасының мақсаты-балаларды ұлттық мерекелер, халықтық әдет-ғұрыптар негізінде адамгершілікке тәрбиелеу, балалардың адамгершілік тәжірибе жинақтауы, халықтың рухани игілігін мұра ету, тұлғааралық және ұлтаралық қатынастар мәдениетіне қол жеткізу.
Жоба төрт бағыт бойынша жүзеге асырылуда:
I – «Ақындар айтысы» поэтикалық сайысы
II – «Алтын сақа» олимпиадасы
III – «Ұлттық өнер» көрмесі
IV – «Туған өлкем» фестивалі.
Осы төрт бағытты дәріптеу мақсатында «Ұлттық өнер» көрмесі 28.03.2024 ж. күні Целиноград ауданы Талапкер ауылының ЖОББ мектебінде,
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени - ағартушылық жобаның аясында Целиноград ауданының көркем еңбек пәні мұғалімдерінің
“Ұлттық құндылықтар- ұлт қазынасы” атты аудандық көрме - семинары өткізілді.
Осы семинарда біздің “Ақмешіт ауылының ЖОББМ” КММ- нің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кусаинова Дина Турегелдиевна өз еңбегімен жасаған қол өнерлерін апарып, таныстырды.