Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата- бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Дәстүрімізге айналған осы Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулеулина Гульжан Икласовна “Қош келдің, Әз- Наурыз!” атты мерекелік іс - шараны ашық деп жариялады.
Алғашқы құттықтау сөз кезегінде мектеп директоры Бакиева Айнагуль Ольжабаевна мерекелік іс- шара қатысушыларына сәттілік тіледі.
“Батасыз ел көгермес” - деген ниетпен ортаға “Қызыр атаны” шақырып, батасын алып, мерекелік іс - шараның тұсауын кестік.
Қазақтың салт - дәстүрі бойынша апалар шашу шашып , тойдың сәнін кіргізді.
Мектебіміздің бойжеткен қыздарымыз ізет көрсетіп, келген қонақтарға Наурыз көже ұсынды.
8-9 сынып оқушылары «Ерулік», «Ат тергеу» ,«Деңгене» атты қазақтың дәстүрлерін нақышына келтіріп көрініс көрсетті.Көріністе “Ерулік”, «Кимешек”, «көген» , “қолға су құю “ деген сияқты ырымдарды қалыс қалдырмады.
Ортаңғы буын сынып қыздары мен бастауыш сынып қыздары мың бұралып, “Наурыз”, “Шашу” билерін билеп тойды қыздыра түсірді.
4-сынып оқушысы Дәулетбек Әділхан
“Құтты болсын, Әз- Наурыз” атты әнімен ары қарай тойды жандандырды.
2 сынып оқушылары “Қонақ келсе құт! “ деген көріністе салт- дәстүрді нақышына келтіріп, көрермендердің жүрегіне еліне деген сүйіспеншілігін оята білді.
Мерекелік іс-шара соңында барлық қатысушылар “Наурыз- думан” әнін орындады.