29.02.2024 ж күні «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де Алғыс айту күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Ш.Бакиева мен А.К. Аппасова «Алғыс айту – парызың...» тақырыбында шығарма жаздырды. 5-11 сыныптар аралығында 35 оқушы қатысып, 5-сынып оқушысы Қожатасова Алуа, 8-сынып оқушылары Сагинбаева Аяла мен Қайырбек Ерсайын, 9-сынып оқушысы Қаппас Аяулымның шығармалары үздік деп танылды.
Жайма-шуақ көктемнің алғашқы күнінде аталып өтетін бұл мерекенің адамдар арасындағы сыйластықты нығайтатыны сөзсіз. Бір-бірімізге мейірімділік пен жылы лебіздерімізді айтып, жанашырлық таныту арқылы бірлігіміз арта түседі. Оқушылардың бойына қуаныш сезімін ұялатып, жақындарына қамқор болуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеп, қоғам болашағының жарқын болуына сенеміз!
⚜️Ұлттық мүдде
Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу
Ұлттық мұраға ұқыпты қарау
Қоғам игілігі үшін қызмет ету
⚜️Ар-ұят
Әдеп нормаларын ұстану
Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту .
⚜️Талап
Дұрыс қарым-қатынас орната білу
#мыңалғыс
#mynalgys
#адамгершілікасылқасиет
#adamgershilikasylkasiet
#3ТОҚСАН
#ҰЛТТЫҚӨНЕР
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#Біртұтас_тәрбие_целиноград_ауданы
#medetbekovameruert
#aqmoedu
#өзінөзібасқару
#Ақындарайтысы
#төрттоқсан_төртөнер
#дебат
@aqmola_daryny
@aqmoedu
@aqmola_metod_center
@tselinogradsk