"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

КҮНТІЗБЕ


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ – нің 2024 жылы 1-ші сәуірден бастап, 1-ші сыныпқа өтінімдерді қабылдау мемлекеттік қызметі жүзеге асырылады.

05.04.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ – нің

2024 жылы 1-ші сәуірден бастап, 1-ші сыныпқа өтінімдерді қабылдау  мемлекеттік қызметі жүзеге асырылады.

 

1.Жалпы ереже

1)Қызмет көрсетуші жайлы мәлімет: «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.

Мекеменің заңды  мекен- жайы: Ақмешіт ауылы, Ы.Алтынсарин  көшесі-1.

 

1-сыныпқа өтінімдерді қабылдау шарттары:

Өтінімдерді портал арқылы қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап қолжетімді болады және 1 тамызға дейін жалғасады.

Өтініш берушінің мектепте болуы талап етілмейді. Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да беруге болады. «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) өтінімдерді қабылдау және балаларды 1 сыныпқа қабылдау бойынша 1 сәуірден бастап қолжетімді болады.

Осылайша, қызмет көрсету ережелеріне сәйкес өтініштерді қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін жүзеге асырылады. Кезектегі жылы 1–2 сәуір демалыс күндеріне түседі, осыған байланысты өтінімдер 3 сәуірден бастап өңделетін болады.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін бір балаға бір ғана өтінім (бір оқу орнына) беруге болады және қосаберілетін құжаттардың жалпы көлемі 1 Мбайттан аспауға тиіс.

 

 

 

Қызметті онлайн қалай алуға болады:

1. Порталға кіріп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.

2. Өтінімді толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе смс-парольдің көмегімен қол қою (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті).

3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

 

Порталға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

– ата-ананың біреуінің немесе өзге заңды өкілінің өтініші;

– «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

– 3х4 см мөлшеріндегі баланың сандық фотосуреті екі дана;

– №063/у және № 026/у-3 нысанды денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;

Сондай-ақ мәртебені растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:

– мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін-көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтына нықтама (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде деректер болмаған жағдайда);

– ата-анасы жұмыссыз болған отбасылардан шыққан балалар үшін-жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде деректер болмаған жағдайда);

– мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін-алынған табыстар туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлі кжәне басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі табыстар туралы анықтама) (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде деректердің болмауы);

– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар үшін – уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы шешімі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде деректер болмаған жағдайда);

– төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білімалушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі.

Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау және құжаттарды қабылдау үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы қосымша ұсынылады.

Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау үшін үйде оқыту жөніндегі ұсыныммен қосымша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы ұсынылады.

 

Просмотров: 238


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст