18 наурыз- Ұлттық киімдерімізді насихаттау күніне орай “Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Ұлттық киім - ұрпаққа аманат” атты тәрбие сағаты өткізілді. Атам заманнан бері бүгінгі күнге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, әрі әсем, әрі ыңғайлығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері аз емес.Осы күні оқушылар мен мұғалімдер үстеріне ұлттық стильдегі камзолдар, шапандар, кимешектер, сырма кеудешелер, әшекей сырға мен білезіктерін тағып, жас ұрпақтың ұлттық киімге деген қызығушылығын арттырды. Қазіргі таңда күнделікті кимесек те, өз маңызын сақтап отырған ұлттық киімдерімізді құрметтеу керек деп білеміз.
Біртұтас тәрбие
⚜️Ұлттық мүдде:
•Ұлттық мұраға ұқыпты қарау
•Ұлттық мәдениетті дәріптеу
⚜️Ар-ұят:
-Өзін отбасының, сыныптастарының, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну
⚜️Талап:
-Жеке және командамен жұмыс істей білу.
#Наурызнама