"Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 1 Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне байланысты мектепалды сыныбы және 1-9 сыныптың жетекшілері: Ахмедина А.Г, Кумекбаева Г. Б., Капышев И.А, Куракпаева Г. А., Байжуманова С. Д., Куракбаева А.Б., Олжабаев Ж.А., Жамбылов Д.А., Махметова Қ.Ж. сынып оқушыларымен бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттың мәдени салты мен дәстүріне ден қойып, этнос халықтарының тарихы туралы керемет тәрбиелі сынып сағаттарын өткізді.
Мақсаты - Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.
⚜️Тәрбие құндылықтары:
ҰЛТТЫҚ-МҮДЕ :
-Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;
АР-ҰЯТ :
-Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну;
ТАЛАП :
-Дұрыс қарым- қатынас орната білу;