7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Менің Бақытым - менің Қазақстаным!" тақырыбындағы іс-шарада отан қорғаушы айбынды азаматтарға айрықша құрмет көрсетіліп, олардың батылдығы мен ерлігін насихаттауда барлық сынып оқушыларымен "Біздің даңқты бабаларымыз"," Ұлттық патриотизм"," Бақытым - Отаным" және" Жаса, Қазақстан!", "Әскер - еліміз, армия-абыройымыз" тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекенің өзіндік сыры жетерлік. Еліміздің тыныштығын қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екенін балалар ұғынып, барлық ер азаматтарды мерекесімен құттықтап, көптеген мәліметтерге қанық болды. Ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі мықты ел қорғаушыларымыз көп болсын дейміз!
🔰Тәрбие құндылықтары :
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ:
- Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;
АР-ҰЯТ:
- Халқына адал қызмет ету
ТАЛАП :
-Дұрыс қарым қатынас- орната білу