Біртұтас тәрбие бағыты бойынша "Мамыр - Ынтымақ айы" айлық іс-шараның маңыздылығын арттыруда 9 мамыр - Жеңіс күніне орай "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің оқушыларымен мерекені атап өту мақсатында "Ерлігім- елім үшін!" атты тақырыпта ардагерлердің өмірі мен ерлігі туралы қысқаметражды фильмдер көрсетіліп, көркем әдебиеттері мен ерлік туралы мақалалар мазмұнынан тұратын тәрбие сағаттары өткізілді. Отансүйгіштік, елжандылық пен патриотизмге баулуға бағытталған дәрістер, әдеби шығармашылық кештер де ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп оқушылары Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің ұрпақтарымен бірігіп ағаш егу рәсіміне де қатысты.
Тәрбие құндылықтары :
🔰Ұлттық мүдде :-Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу; -Ұлттық мәдениетті дәріптеу
🔰Ар-ұят :Халқына адал қызмет ету ;
🔰Талап :-Дұрыс қарым - қатынас орната білу