Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмешіт ауылы жалпы орта білім беретін мектебі КММ-сі
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ құндылықтары:
🔰Ұлттық мүдде:-Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу
🔰Талап:Жеке және командамен жұмыс істей білу
🔰Ар-ұят :-Әдеп нормаларын ұстану
Жас қозғалыс инспекторлары жасақтарының аймақтық байқауы 17.05.2024 ж күні Родина ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде аймақтық мектеп оқушылары арасында өткізілді. Бұл байқаудың нәтижесінде Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің "Жас сақшылар" командасы жеңімпаз атанып, 1- орынды иеленіп, ақтық сайысқа өтті. 20.05.2024 ж. күні аудандық "ЖҚИ - 2024" слеті Ақмол жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де өткізіліп, ақтық сайысқа біздің мектептің жас инспекторлары - Аппасова Айару, Әділбек Гулсауле, Ғадылбекқызы Перизат, Жамбыл Еркебулан, Қапбас Гүлзада, Куракпаева Айдидара, Қайырбек Ерсаиын, Ольжабай Қымбат, Сагинбаева Аяла қатысып, 2- орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!