"Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де мектепалды сыныбымен "Қош бол, даярлығым!" атты ертеңгілік өткізілді.
Ертеңгілікті әнұранмен бастап, мектеп директоры Бакиева Айнагуль Ольжабаевна 1- сыныпқа қадам басқалы тұрған оқушыларды құттықтап, ақ тілегін білдірді.
Мектепалды сыныбының оқушылары ән, би, тақпақтарын паш етіп, келген ұстаздар мен ата-аналарды тәнті етті.
Ертеңгілік соңында оқушылар мадақтамамен марапатталынды. Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі Куракпаева Гульден Амангельдиновна мектепалды сынып жетекшісі Шаханбаева Гульден Жалбырбаевнаға ыстық лебізін білдіріп, "Қош бол, даярлығым!"- деген бүлдіршіндерді бастауыш сыныпқа қабылдап алды.
Тәрбие құндылықтары:
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ :-Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу
АР-ҰЯТ :-Сөзіне берік, ісіне адал болу
ТАЛАП :-Білуге, жаңаны тануға құштар болу