Алақай - ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.
01.06.2024 ж. күні «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- де 1 – маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара және мектеп жанындағы «Балдәурен» сауықтандыру алаңының ашылу салтанаты өткізілді. Іс - шараның барысында балалар, ән, тақпақтарын айтып, олармен қызықты ойындар ойнатылды. Балаларға арналып тəтті дастархан жайылды.
Бүлдіршіндер мен сәбилерге бақытты балалық шақ, сыңғырлаған күлкі тілеп, демеушілік жасаған "Аманат" партиясына, ауылымыздың "Ақмешіт" асханасына, ТОО "Базальт-2030" директоры А. С. Мненянға және ауылымыздың аға-апаларымыз - Г.Рахимжановаға,С.У.Тастембековаға, А.Б. Баймаганбетовке, Б.М. Ильясоваға, Ө.Ж.Куракпаевқа, О.А.Акпаровқа М.Т.Касымовқа, Т.Т. Аукировке, Е.К.Канапинге, Қ.Қ.Каирбековке, Ж.А. Олжабаевқа үлкен алғысымызды білдіреміз!