Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ- де 31.05.2024ж оқу жылының аяқталуына байланысты №5 педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Каирбекова оқыту процесі бойынша жеткен жетістіктерге тоқталып, жыл бойы атқарылған жұмыс есебімен таныстырды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.И.Тулеулина тәрбие ісі бойынша жылдық жоспарды орындау аясында атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.
Сонымен қатар, ағымдағы мәселелер жайлы сөз қозғалып, жаңа оқу жылына болжамдар мен жоспарлар пысықталды.
Педагогикалық кеңес өте нәтижелі әрі мазмұнды өтті. Кеңес соңында мектеп директоры А.О.Бакиева ұжымды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.