14.06.2024 ж. Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде аттестат тапсыру рәсімі өтті.Биылғы жылы 9-сыныпты 11 оқушы, 11-сыныпты 4 оқушы бітірді. Алтын белгі иегері -1 оқушы, Даут Медина, 2 үздік аттестат иегерлері Аманжол Ернұр,Төлеген Нұрлыбек.
Атаулы іс-шараға Целиноград ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Байболатова Майра Кауашевна қатысып, түлектерге жылы лебізін жолдады, ұстаздарға және ата-аналарға алғыс білдірді.
Аттестат тапсыру рәсімінен соң шәкірттер өз әндері мен соңғы қоштасу вальстерін биледі.
Түлектер үшін бүгінгі күн қуанышқа, қимастыққа толы болды. Киелі Білім мекенінен ұшқан
түлектерімізге ақ жол,әрі болашақ өмірге сәт сапар тілейміз! Осындай өнерлі, талапты, білімді шәкірттеріміздің ата-аналарына алғыс білдіреміз!