Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті «MSSP.GL» ЖШС-мен бірлесіп интернет желісіндегі балаларды қорғау мәселелерін қамтитын бейнероликтер әзірледі.
Осы бейнероликтер балалардың өмірі мен денсаулығына зардабын тигізетін ақпараттардан қорғауға, ата-аналар тарапынан балалардың әлеуметтік желілік ортасында ақпаратты таңдаудағы жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ цифрлық сауаттылық пен ықтимал қауіптер туралы хабардарлықты нығайтуға бағытталған.
Осыған байланысты, Сіздерден аталған балалар мен жастардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бейнероликтерді орналастыруға қолдау көрсетуді сұрайды.
Бұл бейнероликтер барлық азаматтармыз үшін қауіпсіз және жауапты кибер ортаны қалыптастыруға ықпал етеді және балалар үшін қауіпсіз онлайн-ортаны құруға өз үлесін қоса алады деп санаймыз.