«Ақмешіт ауылының ЖОББМ» КММ-де жазғы еңбек практикасы өткізілуде. 5 – 9-сынып оқушылары толығымен өз еркімен жұмылдырылды. Әр оқушы 10 күннен, күніне 2 сағаттан аспайтын уақыт аралығында мектеп ауласында суару, тазалау, егілген гүлдер мен көкөністерді күту сияқты жұмыстарды атқарады. Еңбек практикасы түске дейін күннің ыстығы көтерілмей тұрған кезде және барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жүргізілді. Оқушыларға жұмыс түрлерін мектептің тәрбие ісі меңгерушісі, әрі биология пәнінің мұғалімі Г.И.Тулеулина күрделілігі мен жас ерекшеліктеріне қарай бөлді. Мақсаты: жазғы демалыс кезінде оқушыларды мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарына қатыстыру арқылы еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, икемділікке, шымырлыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Апта сайын әр мұғалім өзінің тобындағы оқушылармен тиісті жұмыстарды атқара отырып, оларға еңбекпен қатар ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырады.
22.07.2024 – 26.07.2024 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.К.Аппасова 8-сынып оқушыларымен мектеп ауласында жоғарыда айтылған жұмыстарды атқарды. Біздің мектеп үлескіміз жайқалып, жайнай берсін!