01.09.2020 ж күні Ақмешіт ауылының N15 орта мектеп КММ-де жаңа 2020-2021 оқу жылындағы Білім күні штаттық режимде барлық санитарлық ережелерді сақтап,1-9 сынып арасындағы оқушылармен сынып сағаттары жүргізілді.Тәрбиелі сынып сағаттарының тақырыптарын Ұлы Абайдың 175 жылдығына және Конституцияның 25 жылдығына арнап, оқушылардың танымдық көзқарастарын, ой- өрістерін кеңейтіп, әр сынып жетекшілері сынып сағаттарын түрлі әдіс- тәсілдерін қолданып, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді. Мектеп басшысы С.Б Аппасов өзінің құттықтауының соңында сынып оқушыларына еліміздің білімді, жан- жақты, белсенді,әрі қоғамды алға қарай дамытатын жеткіншек болуын тілеп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
1- сыныпқа қадам басқан оқушыларымызға жас түлектер атынан 9- сынып оқушысы Нұрай Олжабай құттықтап, естелікке өз тартуларын ұсынды.Сынып бөлмесінде осы кішкентай бүлдіршіндерге арнап алғашқы қоңырау үні жалғасты.