"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

КҮНТІЗБЕ


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.03.2018

«Өмірдің иесі - Сіз,

ғазиз Ана!»

 

Күні: 06.03.2018ж.

Жүргізушілер: 1 – Темірлан; 2 – Ләйлә.

Тәрбие ісінің меңгерушісі сөз тізгінін бастайды.

І жүргізуші:

Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді еткен

аяулы да ардақты аналар, ақ жаулықты әжелер, ұстаздар, ару қыздар, қонақтар!!!

Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8

– наурыз мерекесі де келді. Осынау көркем мерекенің қай

кезде де орны бөлек. Олай болатыны,

аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар –

өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік

пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен

бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға

арналады.

Ал енді, құрметті қонақтар, маған бұл кештің ажарын келтіріп, нұрландыратын,

Сіздерге тамаша көңіл-күй сыйлай білетін айдай көркем, ақылына көркі сай

жүргізуші қыз болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Ернұр: Сері жігіт, іздегенің мен болсам, осы мерекелік кешті

жүргізуге толығымен дайынмын. Менен асқан сұлу жанды таба алмайсың!

Расул: Қоя тұр, қарағым! Ақылды да көрікті, инабатты қыз – мен!

Сол себептен, кешті жүргізуге мен әбден лайықпын!

Аңсар: Дауласпаңдар, қыздар! Менің жанымда сендердің

сұлулықтарың мен ақылдарың ойнамай қалады ғой!

І жүргізуші:

Қыздар, қойыңыздар, дауласқандарыңыз жарамас! Сен енді

әдемісің, ал сен – ақылдысың, сен – қызсың!

Құрметті көрермендер, ортаға Ләйлә есімді ару

қыздарыңызды қошеметтеп шақырайық!

ІІ жүргізуші:

Армысыздар, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз,

қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық,

ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің

құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

І жүргізуші:

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар – дей келе,  сөз кезегін мектебіміздің директоры Аппасов

Сағындық Бейсенбайұлына береміз.

ІІ жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай

Ән: «Аяулы Ана» Бейсенбаева Жасмин.

І жүргізуші: Өмірдің

иесі сен, ғазиз Ана.

Келтірген

дүниеге нелер дана

Анасыз

батырда жоқ, ақында жоқ

Өмірдің

алтын кілті сонда ғана. – оқушылардың орындауындағы әдеби-монтажды қабыл

алыңыздар.

Нұралы:Әр

сөзімді жаттаған, 

Жүрегімде сақтаған. 

Анашым деп мақтанам, 

Айналайын ақ анам! 

Темірлан:Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

Мейрамбек:Ана десем шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана – деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Ерсайын:Ана біздің - күніміз,

Ананың біз – гүліміз!

Құрметтейміз ананы

Құттықтаймыз бүгін біз:

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!!!

Ринат:Тіршілік жаңа оянды,

Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң мекен.

Менің айдай анамнан:

Асқан сұлу бар ма екен?!

Руслан:Ерлік

еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді.

Еркіндеткен біздерді

Анамызға мың алғыс!

Айтуар:Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

Ернұр:Көңіліңді табады,

Әнді қалай салады.

Ертегі қандай көп еді

Күнде айтып береді.

Қуанатын балаша,

Әжем менің тамаша.

Ермахан:Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі аналар.

Ана деп бас иеді, күллі халық.

Олжас:

Ең әдемі өлеңімді арнасам,

Ең әдемі жолыңды ізгі жалғасам.

Деп келермін тағдырымның жолында

Сендей Арды биік қойып әрқашан.

Дарын:Арманыңды

ақтармын ба жүрегімде тербесем?

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Дидар:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Айбек:Нәрестесін

тербеткеннің бірі – мен,

Бесігіме таянумен түнімен

 Әлдиімді жұбатамын

жан ана,

Сенің мені әлдилеген үніңмен.

Нұржан: Ана керек о, адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң

сияқты күн кешіп жүр ғаламда

Пікірімді

ұнатпаған таптық та дер дананы

 Даналықтың қажеті жоқ,сыйлау үшін ананы

Еркебұлан:Ертегі айтам, әп-әдемі күй

іздеп

Дүниеден сәбиіме сый іздеп

 Мен де сендей ең

бақытты жан болдым,

Нәрестемнің маңдайынан иіскеп.

Али:Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.

ІІ жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

Алдарыңызда қазіргі қазақ биі,

Таң қалдырып, қанеки, би билеңдер.

Би: 2– сыныптың қыздары.

І жүргізуші:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.

«Құлыным» деп құшағына алады

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?! – дей отырып,

«Ана мен бала» ойынына кезек берейік. Ол үшін аналарымызды балаларымен бірге

ортаға шақырайық.

Ойын:

«Ана мен бала»

I. «Балаларды еркелету»

Ботақаным – бөбегім

Шырқайтұғын өлеңім

Бөбегімдей тәй басқан

Сені жақсы көремін

- Аналар балаларына еркелету сөз айтады

II.

Ситуациялық жағдай

- Тосын ситуациялық жағдайлардан шығу туралы

өз ойларын айту.

1.Түскі ас

кезі.Отбасы жиналып,тамақтануға отырды.Бір кезде телефон шырылдады.Тұтқаны баласы

көтерді. Әке шешесі баласына өздерінің жоқ деп айтуын өтінді.

 2.Қызы

мектептен келе анасына «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді...» . Анасы

«Сенсіз де басым ауырып тұр. Мазамды алма!» деді.

3. Кешкі мезгіл. Баласы сабақтан уйге

келеді. Бір уақытта анасы баласының беті қызарып ісіп тұрғанын байқады. Баласы

сыныптасының қолы байқаусызда тиіп кеткенін айтты. Анасы баласының сөзіне

сенбей оған неге таяқ жейсін, ол сені соқса сенде оны неге соқпайсың деп

ұрысты.

IІІ. Өнер сайысы

Жарайсыңдар барлығым да өренім,

Асып бір төселсінші кемерің.

Ырза болып, біздер ғана көрелік,

Тамашалап сайыскерлер өнерін. (әндер сайысы)

ІІ

жүргізуші:

Ана – жұмақ,

мен – шуақ, саябағы,

Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайықтербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

Алдарыңызда 2 – сынып ұлдарының

орындауындағы би. Қошеметпен қарсы алайық!

Би:

2 – сынып ұлдары.

Әжелермен

ойын.

Сұрақтар: 1 - билет

1. «Тілашар» қайкездежасалады?

2. Дастархан басында қандай ескертулер жасалады?

3. Ұйқасын табыңыз: Өзінше ноян, қорқақкім?....

2 - Билет

1. Жетіатақалайаталады?

2. Немерелеріңізге ертегі айтып бересізбе?

3. Ұйқасын табыңыз: Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар....

3 - билет

1. Үшарсыз қалай аталады?

2. Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелеген?

3. Ұйқасын табыңыз: Тұмсығымен шымшып, құрт тереді....

4 - Билет

1. Бес парыз қалай аталады?

2. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай?

3. Ұйқасын табыңыз: Ормандағы аюдың

Құлпынайыкөпекен,

Теріп - теріп алайық.

Қалтамызға......

5 - билет

1. Базарлықдеген не?

2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін атаңыз.

3. Ұйқасын табыңыз: Аюотырпартада

Екіқолықалтада

Апайсабақсұраса

Ұйықтап қалды........

Әжелерге берілетін сұрақтар:

1 - сұрақ. Ерулік беру - қазақтың салт -

дәстүрінің бірі. Мағынасын түсіндіріңіз.

2 - сұрақ. Қазақтың әдет-ғұрпының бірі -

қалау немесе қалап алу. Мағынасын түсіндіріп беріңіз.

 3

- сұрақ. Сарқыт деген әдет - ғұрыптың мағынасын түсіндіріңіз.

 4

- сұрақ. Сәлемдеме беру деген әдет - ғұрып бар. Мағынасын ашыңыз.

5 - сұрақ. Базарлық деген не?

6 - сұрақ. Асар деген салт - дәстүрдің мағынасын

түсіндіріңіз.

І жүргізуші: - Ләйлә, сен Анаңа, Әжеңе деген махаббатыңды қалай жеткізесің?

Мен оларды сыйлаймын, әрдайым

айтқандарын екі етпей, орындап жүремін. Үнемі қас-қабақтарын бағып, көңілдеріне

қаяу түсірмеуге тырысамын.

І жүргізуші: -Қандай тамаша! Ал біздің Қымбат болса, махаббатын әнмен жеткізгісі келеді.

Қарсы алыңыздар, Олжабай Қымбат «Әже» әнімен.

Ән:

«Әже» Олжабай Қымбат.

І жүргізуші: - Аналарымыз ақылды, мейірімді, тәрбиелі, тапқыр да талапты балаларды

тәрбиелеп келеді. Сол үшін Ана атаулының барлығына алғысымыз шексіз! Сіздер

барда біздер ешқашан жоғалмаспыз!

ІІ жүргізуші:- Толықтай келісемін. Аналарымыздың, ұстаздарымыздың біздің  бойымызға сіңіріп жатқан еңбектері барда, біз

талай шыңдарға жетеміз деген сенімдемін! Ендігі кезекте біздің өнерлі

достарымыздың көңілді көрінісін қабыл алыңыздар!

Тамаша

«Тракторшы Коля»

І жүргізуші: Сіздердің назарларыңызға ауыл азаматтарының, оқушылардың Аналарымызға,

әжелерімізге, ұстаздарға, қыздарға шын жүректен арнаған бейнеқұттықтауын ұсынамыз.

Бейнеқұттықтау.

ІІ

жүргізуші:Ана деген –

бастауы ұлылықтың.

Ана деген - рәмізі сұлулықтың.

Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,

Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

І

жүргізуші: Алдарыңызда

әсем әннен шашу шашатын 2 – сынып оқушысы Алтыбай Меруерт.

Ән:

«Ана» Алтыбай Меруерт.

Көрермендермен ойын.

Әндерді жалғастырыңыздар.

1) Шет жүрсем сағынарым...

2) Өзіңмен арыстың...

3) Сен барсың тек менде...

4) Балауса қыз едің бір кезде...

5) Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді.

ІІ жүргізуші: -Темірлан, ауылымызда әрдайым түрлі іс-шаралар өтіп тұрады ғой. Әрбір

мерекеге, жауапты істерге ауылымыздағы Аналарымыз білектерін сыбана кірісіп

кетеді.

І жүргізуші: - Иә, дұрыс айтасың, Ләйлә. Біздің еңбекқор Аналарымыз әрқашан аянбай,

барынша атсалысады.

Пародия:

«Тоқтамай сыпыр».

І жүргізуші:- О, аналар

осындайсың бәрің де,

Осындайсың

жасың-дағы кәрің де,

Сыйынатын

осы өмірде болса егер құдірет,

Сыйынар ем

Ана деген Тәңірге...

Шығарма: «Ана».

Би: «Қазақ биі» Сағынбаева Аяла.

ІІ жүргізуші: - Ана деген – бастауы ұлылықтың.

Ана деген - рәмізі сұлулықтың.

Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,

Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

Аналарымызға деген махаббатты ешқандай сөзбен жеткізе

алмаспыз. Ана алдындағы парызымыз мәңгі өтелмейтіні айдан анық.

І жүргізуші: Аналарымызға арналған жан

тебірентерлік «Шеше, сен бақыттысың!» өлеңін оқитын 1-сынып оқушысы  Балгожина Даринаны қарсы алыңыздар!

Балгожина Дарина: «Шеше, сен бақыттысың!»

ІІ жүргізуші:Олай болса  бишілерді қарсы алайық.

Билеріне сүйсініп тамсанайық.

Арулардың 

талантына тәнті болып,

Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

Би: «Қамажай» 8, 9 – сыныптың қыздары.

І жүргізуші:Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де

сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып

сіздерді көбелек боп,

Өртеніп

қастарыңнан кете алмаймыз.

Қымбатты ақ

жүректі Аналар, ақ жаулықты Әжелер, келе жатқан мерекелеріңізбен тағы да

құттықтай келе, Сіздерсіз дүние – қараңғы, бос екенін айтқымыз келеді. Нұр

жауған қабақтарыңызды кірбің шалмай, әрдайым тек бақытқа бөленіп жүріңіздер деп

тілейміз!

Ән: «Ақжайнақ» 6, 7 – сыныптың қыздары.

\Сыйлықтар тарату, қорытынды\

ІІ жүргізуші: - Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге

әкелген даналарды.

Себебі ана

деген асылжанғой,

Ойлауменен

басалық әр қадамды.

Аналарымыздың

шексіз махаббатының, мейірімінің алдында бас иеміз! Мың алғыс Сіздерге, Аналар!

Осымен, 8 –

Наурыз – Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік кешімізді жабық деп

жариялаймыз! Алтындай уақыттарыңызды бөліп, мерекелік кештің куәсі

болғандарыңыз үшін Сіздерге көптен-көп рахмет!

Ән: «Ақмешітім – қасиетті мекенім!»

 

 

 

Просмотров: 881

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст