Текст
Ақмешіт ауылының N15 орта мектеп КММ- де отбасы күніне орай 1- сынып оқушыларымен сынып жетекшісі З.Е.Нұрахметова " Отбасы - өмір аясы" атты тақырыпта тәрбиелі сынып сағатын өткізді. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала екенін, олардың тәрбиелі, жан- жақты болып өсуі берекелі, әрі ынтымақты отбасына байланысты екенін түсіндірді.Отбасының әр мүшелерінің қарым- қатынастары жылы болу керектігі жайлы айтып, әр түрлі әдіс- тәсілдермен оқушыларды отбасында татулық, мейірімділік, бауырмалдық және т.б. қасиеттерді жүректеріне ұялата білді.
https://www.instagram.com/tv/CFL-qCFJ8HD/?igshid=vu3z4abvrw9z