Текст
Табиғат- күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұясы, құт- берекесі.Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орындары ерекше. Қазіргі келген күз мезгілі -адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл.Сондықтан да адамдар күзді "Алтын Күз" деп баға береді. Күзде егінді жинап алатын ата- бабаларымыз "Сабан той" өткізіп, атап жатса, әрбір мектеп осы күз мерекесін өткізеді, ертеңгіліктер мен кештерді ұйымдастырып жатады. Сол дәстүрді жалғастырып жатқан Ақмешіт ауылының N15 орта мектеп КММ- нің оқушылары "Алтын Күз-2020" мерекесімен баршаңызды құттықтайды. Алтын Күз сіздерге мол шуағын шаша берсін!
https://www.instagram.com/tv/CGWiETWpX-h/?igshid=195wacc9x4qd3