Әріптесімізбен мақтанамыз!
Биыл 2020 жылы тамыз айында қашықтықтан оқыту форматында бейне сабақтар жүйесін даярлау әдістемелік комиссиясына мектебімізден орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балгожина Батен Алпысовна да жұмылдырылды. Маманның жаңа бағыттағы сабақ үлгісін даярлау әдісі өте ұтымды, қазіргі таңда қажетті қолжетімді құралға айналып отыр. Батен Алпысовнаның жаз бойығы осы бағыттағы еңбегі еленіп, 1 тоқсаннан бастап жасалған бейне сабақтары интернет желісінен қолжетімді болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «акционерлік қоғамы ұйымдастырған бұл іс-шара көптеген шығармашыл ұстаздарға дем берді.Осы еңбегін бағалай , ҚР «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Балгожина Батен Алпысовнаны «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Бұл іс-шара барысы республикалық «Білімді ел» газетінің 13 қазан 2020ж . №38 (243) нөмірінде жарық көрді.