Ақмешіт ауылының N15 орта мектеп КММ- де "Өзін- өзі тану- Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" республикалық онкүндігі бойынша 23- қараша- Жалпыадамзаттық құндылықтар- бақытты өмір негізі" атты тақырыпта оқушылармен сынып сағаттары өткізілді.Оқушылардың белсенді қатысуымен өзін- өзі тану пән мұғалімі А.Р.Балгожинаның жетекшілігімен барлық сынып жетекшілер құндылық бағдарларын алға тартып,санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай білді. Оқушылар өмірдің мәні жайлы, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ақпараттар алып, дәйексөздерді талдады.Негізгі бес құндылықтарды- ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс іс- әрекет, ішкі тыныштық және қиянат жасамау туралы әр оқушы өздерінің ой- пікірлерін ортаға салды. Осы құндылықтардың негізін қалаушысы- сүйіспеншілік құндылығы екенін оқушылар ұғынды. Сонымен қатар Өзін- өзі танудағы сүйіспеншілік ұстанымын әрдайым естен шығармауға және өзгені танымас бұрын, өзгені сынамас бұрын өзімізді- өзіміз танып, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстанып, өздерін рухани жаңғыртайық!"- деп бел буды.